Kor-Net Global компаниясының өкілдерімен маңызды кездесу өтті

0
163

Компания жаһандық коммуникация мен сауда байланыстарын кеңейтуге бағытталған.


Kor-Net Global компаниясының өкілдерімен маңызды кездесу өтті

ERNUR.KZ. Бүгін Оңтүстік Кореяның Kor-Net Global компаниясымен іскерлік бағыттағы маңызды кездесу өтті. Кездесу барысында инвестициялық серіктестік орнату, экспорттық бағыттарды дамыту және өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Kor-Net Global – Оңтүстік Кореялық өнімдерді жаһандық нарыққа шығаруда жетекші платформа ретінде танылған, онлайн және офлайн (O2O) форматында жұмыс істейтін халықаралық компания. Компания жаһандық коммуникация мен сауда байланыстарын кеңейтуге бағытталған.
Компания қызметінің негізгі бағыттарына биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ), медициналық бұйымдар, гигиеналық құралдар, косметикалық өнімдер мен дәстүрлі корей тағамдары (K-Food) саудасы жатады.
Атап өту қажет, Kor-Net Global компаниясының шетелдік және отандық өндірушілермен тығыз әріптестік байланыс орнатуы біздің өңіріміз үшін жаңа нарықтарға шығуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға мол мүмкіндік ашады.