"Коронарография": Шымкентте жүрек-қан тамырларына тіліксіз ота жасалып жатыр

0
939

Соңғы бір айдың ішінде 20 науқасқа жүрек-қан тамырлары бойынша тіліксіз ота жасалған.


Шымкент қаласындағы №2 аурухана базасында коронарография әдісімен хиургиялық емдік жұмыстары белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Соңғы бір айдың ішінде аурухананың бас дәрігері Асқар Рахматалиевтың жетекшілігімен 20 науқасқа жүрек-қан тамырлары бойынша тіліксіз ота жасалған.
Дәрігерлердің сөзінше, коронарография – жүректің ишемиялық ауруын анықтаудың тың әдісі. Әлем бойынша осы дерттен пайда болатын өлім-жітімнің саны күрт өскен болатын. Алайда, соңғы жылдарымедицинадығы тың тәсілдердің арқасында өлім саны бәсеңдеген.
Коронаграфия әдісімен қалалық №2-ші ауруханасында күніне екі-үш науқасқа ота жасаймыз. Амбулаторлы коронографияның пайдасы көп. Бұрын жүрек-қан тамырларын көру үшін көп дәрігердің қатысуы керек болатын. Бүгінде жергілікті анестазия арқылы амбулаторлы түрде науқасты ауруханаға жатқызбай, жүректің қан тамырларын көріп шығуға мүмкіндік бар. Ең бастысы – ешқандай ауырсынусыз, кері әсер байқалмай, 2-3 сағат ішінде науқас аман-есен үйіне оралады. Кез-келген уақытта науқасты стационарға жатқызуға болады, - дейді рентгенхирург дәрігері Серік Керімқұлов.
Коронарграфия дәсінің 99 пайызы жеңіл, әрі сәтті өтуде. Операция кезінде наркоз берілмей, қан тамырының зақымдануына қарай хирургиялық ем 15-20 минут ішінде жасалады.