​ҚР Президентінің Жолдауы: Шымкентте тұрғындармен кездесу өтті

0
626

Кездесу барысында Ербол Байқонысов аудан тұрғындарының көкейдегі сауалдарына жауап берді.


​ҚР Президентінің Жолдауы: Шымкентте тұрғындармен кездесу өтті

ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру, саяси реформаларды түсіндіру бойынша Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ербол Байқонысов аудан тұрғындарына жаңа экономикалық саясат, адам капиталын дамыту, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, саяси реформаларды жан-жақты түсіндіріп берді.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында ел дамуының алдағы басым бағыттарын жүйелі түрде белгілеп берді. Қазіргі таңда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бойынша жұмысты жандандыру қажет. Қала және аудандық деңгейде қоғамдық қабылдаулар жүргізілуде. Халықтың талап-тілегін басты назарға алып, тұрғындардың әлеуметтік мәселелелерін шешу міндеті тұр. Қандай мәселе болса да біз тыңдауға дайынбыз, – деді Ербол Рәбілұлы

Кездесу барысында Ербол Байқонысов аудан тұрғындарының көкейдегі сауалдарына жауап берді.

Айта кетейік, "Amanat" партиясының Шымкент қалалық филиалында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттарды талқылауға арналған жиын өтті. Партияның Абай аудандық филиалы ұйымдастырған пікірталас "Заң үстемдігі және әділетті қоғам" тақырыбында өтті. Партияның Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев жүргізіп отырған жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы, партия белсендісі Икрам Хашимжанов, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Бақытты жанұя» орталығы директорының орынбасары Ерлан Әлжанов, «Болашақ» бастауыш партия ұйымының мүшесі, Жол-көлік колледжі директорының орынбасары Берік Ешимов, «Ұлағат» бастауыш партия ұйымының мүшесі, партия белсендісі Жақсылық Ембай және мұғалімдер мен студенттер қатысты.