Шымкент оқу жылының бірінші жарты жылдығында да «Алтын түйме» белгісін иеленген болатын.
Шымкент қаласы 2020-2021 оқу жылының ІІ жартыжылдығында «Күнделік» жүйесінде белсенділік танытқаны үшін «Алтын түйме» белгісіне ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айта кету керек, Шымкент оқу жылының бірінші жарты жылдығында да «Алтын түйме» белгісін иеленген болатын.
«Күнделік» ЖШС–ның басшылығы екінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша электронды журналды ең белсенді әрі жүйелі жүргізген қала ретінде «Алтын түйме» белгісін қала әкімі Мұрат Әйтенов пен Білім басқармасының басшысы Жанат Тажиеваға табыстады. Электрондық журнал жүргізуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Биыл қала мектептері толық электронды журнал жүйесіне көшті.
Сонымен бірге, «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-ның басшылығы электрондық журналды толтыру бойынша қала мектептерінің педагогтарын қолдауда белсенді қызмет атқарған, онлайн-кездесулер өткізіп, жаңа педагогтерді оқытуға көмектерін берген әдістемелік кабинетті құрмет грамотасымен марапаттады.
Айта кету керек, жүйенің жұмысын бақылау үшін қала мектептері педагогтерінен әдістемелік топ құрылған. Оны Білім басқармасының жанынан құрылған Әдістемелік орталық басқарды. Орталық басшысы Меруерт Медетбекова бастаған ұжым жүйедегі өзгерістер мен әрбір ұсынымдарды жіті бақылап, жұмыс жүргізіп отырды.
Журналдарды сапалы және уақтылы толтыру бойынша көшбасшылар арасында Шымкент – «Алтын түйме», Атырау – «Күміс түйме», Ақмола – «Қола түйме» жеңіп алды.