«Алтын түйме» белгісі электрондық журналдарды сапалы және уақтылы толтыруы ескеріле отырып беріледі.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарындағы «Электрондық журналдар мен күнделік жүйесін енгізу» тапсырмасы бойынша Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты орта білім беретін ұйымдары 2016 жылдан аралас, 2020 жылдан бері толық бірыңғай Күнделік ЖШС ұсынған электронды журналына көшті. Қаладағы жалпы білім беру ұйымдары бағыныстылығына қарамастан толығымен «Kundelik.kz» электронды журналы мен күнделік жүйесімен жұмыс жасайды.
Аталған электронды журнал педагогтердің қағазбастылық жұмысынан арылту және оқушылар мен олардың ата-аналарының кез-келген уақытта сабақ кестесін, бағалар тізімін, сабақ реттілігін көру үшін ашықтық мақсатында пайдаланылуда. Күнделік электронды журналын жүргізуде жүйенің ұсынған қызметтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары мен жаңа бағдарламаларына сәйкес және төтенше жағдай жарияланған кезеңде мұғалімдер мен оқушыларға жүйелі жұмыс жасауға жағдай жасалғандығын айтуға болады. Күнделік ЖШС-ның пайдаланушылары мұғалімдердің электронды журналы, оқушылардың электронды күнделігі, ата-аналарға арналған бақылау қызмет түрлері мен мобильді қосымшаларын, апта сайынғы талдау және есептілік жүйесін, КүнделікТрекер қызметін, пәндер бойынша дайын бейнесабақтарды қарау, онлайн сабақтарды ұйымдастыру үшін MS Teams платформасында бейнеконференцтер жасау жұмыстарын жүйелі, әрі ақысыз қолданып келеді.
Күнделік электронды жүйесінде педагогтер журналды жүргізіп, оқушылар күнделіктері мен жүйедегі бейнесабақтарды көре алады, ал ата-аналар өз балаларының бағаларын, сабақ кестесі мен қатысуын бақылай алады.