КВИ: Шымкентте 300-ден астам адам ауруханада ем қабылдап жатыр

0
364

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 64 жағдай тіркелді​.


КВИ: Шымкентте 300-ден астам адам ауруханада ем қабылдап жатыр

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 64 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 25 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 39 адам үй бақылауына алынды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 327 азамат ауруханада ем қабылдап жатыр.
Бір тәуілік ішінде қалада 6528 адам вакцина алды (I компонент-3498, II компонент-3030). Айта кетейік, егу науқаны басталғалы барлығы 235 809 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 138 987 адам вакцинаның екі компонентін алды.