фото: facebook.com
Бүгін IX қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан аралас командалық сайыс өтті. Онда Шымкент қаласының спортшыларынан жасақталған команда сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.
Команда құрамында бұған дейін де ірі жарыстарда көзге түскен қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Асан Асылхан осы сайыста ел намысын абыроймен қорғады.
Айта кетейік, фристайл акробатикасы елімізде кейінгі жылдары ерекше қарқынмен дамып келеді. Спортшыларымыз халықаралық аренада өздерін дәлелдеп, әлемдік деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға ие болуда. Күні кеше ғана әйелдер арасында фристайл-акробатикадан Аяна Жолдас қола медаль жеңіп алды.