Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкіміне тапсырмалар берді

0
1 053

Шымкенттің жаңа әкімі Е.Айтаханов Президент қабылдауында болды.


Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкіміне тапсырмалар берді

ҚР Президенті Ерлан Айтахановтың жұмыс жоспарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді-мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауыз сумен қамту бойынша жоспарымен танысты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.