Мұғалімдердің жалақысы 30%-ға өсті

0
965

Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы мекеменің қаражаты есебінен өседі.


Мұғалімдердің жалақысы 30%-ға өсті

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде оқытушы-профессорлар құрамының айлық жалақысы 30 пайызға өсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру сапасын арттыру және педагогтарды қолдау туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған. Оқытушылар жалақысының өсуі ғалымның қоғам алдындағы беделін арттырады, - дейді ЖОО-ның басқарма төрайымы – ректор Анар Каирбекова.
Еске салайық, ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік ЖОО ректорларына оқытушылардың еңбекақысын 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін арттыру міндетін жүктеген болатын.
Сондай-ақ, министр жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы мекеменің қаражаты есебінен өсетінін де атап өткен.