Мұрат Әйтенов №5 емхана жұмысымен танысты

0
646

Емдеу мекемесіне 59 мыңнан аса қала тұрғыны тіркелген.


Мұрат Әйтенов №5 емхана жұмысымен танысты

Қаладағы емханалардың қызмет көрсету сапасы мен медицина мекемелерінің барлық қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілу барысын қадағалау мақсатында қала әкімі №5 қалалық емханаға барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін ұйымның барлық процестері автоматизацияланған.
Емханада жалпы тәжірибелік дәрігерлер , педиатриялық учаскелер, гинекологтар, тағы басқа салалық мамандар қабылдау жүргізеді.Онда жалпы 400 -ден аса қызметкер жұмыс істеуде.
Емдеу мекемесіне 59 мыңнан аса қала тұрғыны тіркелген. Ол пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсетіледі.
Ұйымда Емдеуге жатқызу бюросы порталы (БГ), медициналық қызметтердің сапасын басқару қызметі, пациенттерді қолдау қызметі енгізілген.
Емханада барлық орталықтандырылған коммуникациялық жүйелері бар.

Айта кетейік, Шымкенттегі балалар клиникалық ауруханасы көпсалалы аурухана болып қайта құрылады.

Бүгінде Шымкент қаласының коммуналдық меншігінде 36 медициналық ұйым бар. Оның ішінде 15-і ауруханалық ұйым, 14 амбулаторлық-емханалық ұйым және 7 мекеме басқа бейінге бағытталған.

Шаһарда медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында, олардың материалдық базасын жаңартып, көрсетілетін қызмет түрлері кеңейеді.
Атап айтқанда, №1қалалық клиникалық аурухана, №2, N3 қалалық ауруханаларында медициналық көмек түрі артып, көпсалалы аурухана болып қайта құрылады.
Көпсалалы ауруханаға айналатын мекеменің бірі - қалалық балалар клиникалық ауруханасы. Жаңғырту жұмыстарынан соң ауыр дертке шалдыққан балалардың өзге қалаға сабылмай осында ем алып, күрделі оталар жасауына мүмкіндік туады.

Бұл бағыттағы негізгі жұмыстар іске асып, орындалуда. Қазірде балалар ауруханасында нейрохирургиялық, күйік, урологиялық, торакальды хирургия, нейрохирургиялық медициналық оңалту бөлімшелерінің қызметтері жолға қойылды, неонатальды хирургиялық көмек көрсету түрі ұлғайып, жаңа туылған балаларға медициналық көмек тек қалалық балалар ауруханасында көрсетіле бастады. Нейрохирургиялық оталарды жандандыру мақсатында соңғы үлгідегі заманауи аппараттар орнатылды.