Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

0
426

Қала әкімі көшелерді толық және сапалы түрде қалпына келтіруді, мерзімінде аяқтауды тапсырды.


Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов жұмыс сапарын Наурыз шағын ауданында жүргізіліп жатқан кәріз жүйесімен танысудан бастады.

Әл-Фараби ауданындағы 64 525 абоненттің 86 пайызы кәріз жүйесімен қамтылған. 8309 (14%) абонент қамтылмаған.
Наурыз шағынауданы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту үшін құрылыс жұмыстары мамыр айында басталған. Бүгінде Тайман, Еркіндік, Сүлейменов және Мейірбеков көшелері кәріз жүйесіне қосылды. Кәріз жүйесіне арналған құбыр Қазиев көшесіндегі коллекторға қосылады.
Одан бөлек, Самал шағынауданын кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аталған шағынаудандардағы жұмыстар келер жылға өтпелі, жұмыстар толық аяқталғаннан кейін кәріз жүйесімен қамтылған абоненттер саны 58 072-ге жететін (90%) болады. Қазіргі таңда негізгі жұмыстар аяқталып, жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыс барысымен танысқан қала әкімі көшелерді толық және сапалы түрде қалпына келтіруді, мерзімінде аяқтауды тапсырды.