Мұрат Әйтенов БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады

0
705

БАҚ үздіктері 13 номинация бойынша марапатталды.


Мұрат Әйтенов БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне орай бірқатар журналистерді марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мерекелік іс-шара алдымен телевизия ардагері, Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбекті 1минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Қала әкімі ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастырушы ғана емес, қоғамдық сананы қалыптастырушы сала екенін айтты.
- Ақпарат құралдары – бұл үлкен күш. Қаламның ұшын, сөздің күшін дұрыс пайдаланса, ұлтты ұйыстырып, жасампаздыққа жол бастай алады, ал бұрыс пайдаланса, қоғамды дүрліктіріп, қоғамдық-саяси ахуалды қиындатып жібере алады. Шымкентте жұмыс істейтін 170-тен аса ақпарат құралы билік пен қоғамның арасында ортасына алтын көпір бола бермек деген сенімдемін. Қала игілігі үшін бірлесе жасайтын жұмыстар жалғаса береді. Қаланың жетістігі – әрбіріміздің жетістігіміз, - деді М.Әйтенов.
БАҚ үздіктері 13 номинация бойынша марапатталды.

Айта кетейік, әуелі бұл мейрам Журналистика күні деген атаумен 10 мамырда аталып өтетін еді. Кейін атаулы күн Қазақ КСР-нің "баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңы қабылданған күнге орай 28 маусымға ауыстырылды.