Мұрат Әйтенов бірқатар білім беру нысандарының құрылысымен танысты

0
393

Сайрам тұрғын алабындағы білім нысандарының құрылыс барысын бақылады.


Мұрат Әйтенов бірқатар білім беру нысандарының құрылысымен танысты
Шымкент қаласының «Сайрам» тұрғын алабында 300 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қала әкімі құрылысы өткен жылы наурыз айында басталған әлеуметтік нысанның құрылыс барысын бақылады.
Жауапты мердігер мекеме - “Жаңа Арна 2002” ЖШС. Жобаның сметалық құны - 1 020 553,0 мың теңге. Құрылысты жаңа оқу жылының басталуына дейін аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар, қала әкімі тұрғын алаптағы 120 орындық қосымша оқу корпусы құрылысының барысын да аралады.
Нысан құрылысы “А.Р.Т.-Құрылыс” ЖШС тарапынан жүргізілуде. Мердігер мекеме құрылысты биыл тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр.