Мұрат Әйтенов ресейлік кәсіпкерді қабылдады

0
355

Кездесу барысында Шымкентте тоқыма өнеркәсібін дамыту мәселесі қозғалды.


Мұрат Әйтенов ресейлік кәсіпкерді қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «TDL Textile» компаниясының құрылтайшысы Р.Петровті қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталмыш компания - табиғи маталар, үй тоқымасын және медициналық өнімдерді өндіретін ресейлік жетекші кәсіпорындардың бірі. Иваново, Кострома және Мәскеу облыстарында 5500-ден астам қызметкері бар.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтасты айта келіп, Шымкентте тоқыма өнеркәсібін дамыту жайын сөз қылды.
- Шымкент – дамыған инфрақұрылымы, бай табиғи және еңбек ресурстары бар Қазақстанның экономикасы дамыған үшінші мегаполисі. Қала Орталық Азияда инвестициялар мен технологияларды тартудың жаңа орталығына айналуы үшін зор әлеуетке ие. Өңірлік бөліністе қаланың жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 9,6 млрд.теңгені құрап (жыл басынан бастап) елімізде бірінші орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 134,1%-ға ұлғайды. Қала өндірісінің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 3,9% - ды, елдегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі-20,7% - ды құрайды, - деген қала әкімі жаңа жобаларды бірлесе жасауға шақырды.
Ал ресейлік кәсіпкер «Оңтүстік» АЭА-да орналасқан «Azala Cotton» тоқыма фабрикасының жұмысымен танысқанын айта келе, ортақ жұмыс жасауға мүдделілік танытатынын білдірді.