Мұрат Әйтенов Тұрандағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын тексерді

0
752

Жұмыстардың жоспарғай сай және сапалы орындалуын талап еткен қала басшысы жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.


Мұрат Әйтенов Тұрандағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын тексерді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұран шағын ауданындағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын тексеріп, халықпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұран шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары былтырдан бері қарқынды жүргізілуде.

Жалпы құрылыс барысы 2 кезеңге жобаланған. Бүгінге дейін 86% орындалып, қалған жұмыс қазан айында толық аяқталады. Одан соң абоненттеу жүргізіліп, 3058 тұтынушы сапалы электр қуатымен қамтылады.

Бұған қоса 11,6 шақырым құрайтын магистралдық кәріз коллекторының құрылысы бітті. Қазіргі таңда ішкі орамдық кәріз жүйесі салынуда, жыл соңына дейін аяқталатын болады.

Бұдан соң әкім Тұрандағы газ құрылысын тексерді. Екінші кезек бойынша жұмыстың 90% орындалып, қазан айы басталғанша №14-29 кварталда орналасқан көпқабатты және 504 жеке тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылады.

Ал үшінші кезек бойынша, құрылыс жұмысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Бүгінгі күнге 40% атқарылды.

Жалпы Тұран шағын ауданындағы 2554 тұрғын үйге 2023 жылы газ құбыры толық тартылып бітеді. Жұмыстардың жоспарғай сай және сапалы орындалуын талап еткен қала басшысы жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Тұран шағын ауданында 2020 жылдан бері 5576 пәтерлі 88 көпқабатты үйдің құрылысы жүруде. Пәтерлердің жалпы ауданы – 335 мың шаршы метр.

Жоба құны 89,0 млрд теңгені құрайтын тұрғын үйлер құрылысын 2020-2022 жылдары жүзеге асыру жоспарланған болатын. Жалпы «5-10-20» Шаңырақ бағдарламасы бойынша 27 үй, «7-20-25» бағдарламасы бойынша 11 үй, «Отбасы Банк» АҚ бойынша 38 үй, арендалық бағытта 12 үй пайдалануға беріледі. Аталған шағынауданда көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілуде. Атап айтқанда, 2021 жылы 29 үй (1880 пәтер), 2022 жылы 32 үйдің (1968 пәтер) құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне беріледі.