Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың отырысы өтті

0
593

Жиында өңірлік брендті дамытуда маңызды жобалар мен олардың өзекті мәселелері талқыланды.


Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың отырысы өтті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиында өңірлік брендті дамытуда маңызды жобалар мен олардың өзекті мәселелері талқыланды. Жеке кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысқан жиында негізгі капиталға салынған инвестициялардың орындалуы және алдағы жоспарлар баяндалды.

Инвесторлар тарапынан жеңіл және тамақ өнеркәсібін, ауылшаруашылығын дамыту, әлеуметтік нысандар салуға бағытталған жобалар таныстырылды. Жергілікті кәсіпкерлер әкімдіктің қолдауымен өндірісті кеңейтуге мүмкіндіктері бар екендерін жеткізді.

Қала басшысы инвесторлармен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін айтып, индустриалды аймақтардан жер бөліп, инфрақұрылым мәселелерін шешуге сондай-ақ, жеңілдетілген салықтық төлемдер бойынша қолдау көрсетілетінін жеткізді. Бұл бағытта тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.