Аталған оқиға 17 шілде күні болған.
фото: әлеуметтік желіде тараған видеодан алынды
Шымкент қаласы Жиделібайсын көшесі мен Шардара көшесінің қиылысында жол көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 17 шілде күні болған. “Хова” маркалы автокөліктің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсі жанғанда рөлге ие бола алмай, тоқтап тұрған 7 автокөліктің артынан соққан. Апат салдарынан адам шығыны жоқ, тек көліктерге материалдық шығын келтірілген.
"Аталған жайтқа қатысты жол апатын жасаған “Хова” жүргізушісіне ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы" бойынша хаттама түзіліп, құжаттар әкімшілік полиция басқармасына жолдануда", - делінген баспасөз хабарламасында.