Мердігер мекеме басшыларына жұмысты мерзінде аяқтау, инфрақұрылымды дамыту, су, газбен жабдықтау жұмыстарын жүйелі жүргізуді тапсырды.
Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Сенатының депутаттары Н.Бекназаров пен А.Қапбарова қаладағы құрылыс нысандары мен әлеуметтік мекемелердің жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сенаторлар алдымен «Shymkent city» қалашығындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың құрылыс барысымен танысып, жұмыстың сапасы, қаржы мәселелері, сондай-ақ көп балалы отбасылар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамту жұмыстарынан хабардар болды. Аталған іс-сапар барысында мердігер мекеме басшыларына жұмысты мерзінде аяқтау, инфрақұрылымды дамыту, су, газбен жабдықтау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.
Содан кейін, Шымкенттегі «Оқушылар сарайында» кездесу өткізіп, балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуы мен оқушылардың лагерлерде демалу барысымен танысты. Сондай-ақ, білім саласына көп көңіл бөлініп жатқанын, алда лагерьлердің санын көбейту, қауіпсіздік мәселелеріне көңіл бөлу керек екенін айтты.