ШЫМКЕНТ: 1 мамыр мерекесіне орай жүгіру марафоны өтеді

0
117


ШЫМКЕНТ: 1 мамыр мерекесіне орай жүгіру марафоны өтеді

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай Шымкентте дәстүрлі жүгіру марафоны ұйымдастырылады.

А.Асқаров атындағы дендросаябақта бастау алған спорттық шараға 500-ге жуық қала тұрғыны, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Ассамблея жастары, спорт сүйер азаматтар мен белсенді жастар қатысады.

Шараны қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма бірлесіп өткізеді. Марафонның басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жастарды бірлікке, отансүйгіштікке және туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қазіргі таңда көпұлтты Шымкент қаласында 100-ден астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қалада жұмыс істеп тұрған 16 этномәдени бірлестік қоғамдағы ынтымақ пен келісімді нығайтуда елеулі рөл атқарып келеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Президенттің қолдауымен спортпен айналысатын жастардың саны артып, салауатты өмір салты — қоғамда қалыпты үрдіске айналып келеді.
Бөлісу