Шымкент: Абай ауданының 2025 жылға дейінгі даму концепциясы белгіленді

0
1 128

Аудан аумағында "Туған жер" патриоттық бағдарламасының "Өлкетану" бағыты бойынша аудан аумағында 17 сенбілік ұйымдастырылған.


Шымкент: Абай ауданының 2025 жылға дейінгі даму концепциясы белгіленді

2019 жылы Шымкент қаласына қарасты Абай ауданында «Туған жер» арнайы патриоттық бағдарламасы шеңберінде демеушілер мен меценаттар есебінен жалпы құны 27 млн. теңгені құрайтын 43 жобалар мен қайырымдылық акциялары ұйымдастырылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтқанда, 6 аз қамтылған отбасыға өз кәсіптерін ашу үшін демеушілер көмегімен 1 млн. 700 мың теңгеге қажетті құрал жабдықтар әперіліп, нәтижесінде 4 тігін цехы, 1 автокөлік жуу орны, 1 балаларға арнаулы қызмет көрсету орындары ашылған.

Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын іске асыру мақсатында Абай ауданында 73 шағын және ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылған. Оған барлығы 25 мың аудан тұрғындары қатысқан.

"Абай ауданында 34 елдімекен бар. Соның 31-і шалғайда орналасқан. Ауданға 2025 жылға дейін даму концепциясы жасалынды. Ол жерде аудандағы барлық инфрақұрылым мәселелерін шешу жолдарын қарастырдық. Мысалы, Ақтас, Ақжар елдімекендері. Онда биыл ауыз су тасымалданды. Бұған дейін, аталған екі елдімекенде ауыз су мәселесі шешілмеген. Тұрғындар өз қаражаттарына ауыз суды үйлеріне кіргізіп алса болды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, шалғайда орналасқан елдімекендерде инфрақұрылымын дамытуға бюджеттің 70 пайызы қаралатын болады.",- дейді Абай ауданының әкімі.

"Туған жер" патриоттық бағдарламасының "Өлке тану" бағыты бойынша аудан аумағында 17 сенбілік ұйымдастырылып, 5000 түп ағаш көшеттері отырғызылған.

"2019 жылы Шымкент қаласы әкімдігі мен "Шымкент қаласының Азаматтық Альянс" қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген "Таза қала" акциясына байланысты аудан бойынша "Үлгілі аула" номинациясына 38 көпқабатты тұрғын үй, "Үлгілі көше" номинациясына жеке тұрғын үйлер орналасқан 35 көше қатысты.",- деді Бұхарбай Парманов.

2019 жылы 7-мамыр "Отан қорғаушылар күніне" орай соғыс жылдарында елге қайта оралмаған қорғасын зауытының 14 қызметкерінің аттары жазылған ескерткіш демеушілер есебінен Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектебінің аумағына көшіріліп, қайта жаңғыртылды.

Тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға көмектесу мақсатында арнайы қайрымдылық іс-шаралар да ұйымдастырылған. Мұндай іс-шараға барлығы 1886-дан астам аудан тұрғындары қатысыпты. 620 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын хайуанаттар бағына және кинотеатрларға алып барған.

«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Ұлы Абайдың 175 жылдығы қарсаңында аудан аумағындағы 36 білім мекемелерінде "Абай бұрышы" орнатылған.

Сондай-ақ, Абай атындағы орталық кітапханада мемлекеттік тілге аударылған оқулықтарды таныстыру презентациялары мен қазақ халқы тарихының атаулы және ұмытылмас күндеріне арналған "Тарих. Тұлға. Тағылым" атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.