ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІМІН ТАБУДА

0
44

Көтерілген мәселелердің көпшілігі сол жерде шұғыл шешімін тапты.


ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен көшпелі кездесуі басталды.

Солтүстік-батыс, Жиделі, Көкбұлақ және Тәуелсіздікке 20 жыл шағын аудандары тұрғындарымен кездесуде шешімін күткен өзекті мәселелер қарастырылды. Азаматтар жолдарды кеңейту, асфальттеу, жол белгілерін орнату, кәріз желілерін жаңарту, жер телімдерін рәсімдеу, көшелерді жарықтандыру мәселелеріне қатысты өтініштерін жеткізді.

Сондай-ақ, жергілікті халық қосымша ойын және спорт алаңдарының, мәдениет үйі мен медициналық мекемелердің қажеттігін алға тартты. Автобустар санын көбейту және маршруттарды реттеуге қатысты сұрақтарға назар аударылды.
Көтерілген мәселелердің көпшілігі сол жерде шұғыл шешімін тапты. Белгілі бір уақытты қажет ететін ұсыныстар мен талап-тілектер қаланы дамыту жоспарлары аясында кезең-кезеңімен пысықталатын болады. Көшпелі кездесулер өзекті проблемаларды жүйелі және дәйекті түрде шешуге және қала тіршілігіндегі оң өзгерістерге мүмкіндік береді.
Бөлісу