ШЫМКЕНТ: Әбілсейіт Рабаев орнынан кетті

0
2 352

Оның міндетін атқарушы болып "Shymkent" ӘКК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды.


ШЫМКЕНТ: Әбілсейіт Рабаев орнынан кетті

"Shymkent" ӘКК АҚ Басқарма Төрағасы Әбілсейіт Рабаев қызметінен кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.⠀

Әбілсейіт Рабаев "Shymkent" ӘКК АҚ Басқарма Төрағалығынан басқа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.

"Shymkent" ӘКК АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен "Shymkent" ӘКК АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Басқарма төрағасының орынбасары - Нұржан Батырбекұлы Исламбеков тағайындалды.

Еске салсақ, "Shymkent" ӘКК АҚ Басқарма Төрағалығына Әбілсейіт Рабаев биылғы жылдың тамыз айында тағайындалған болатын.