ШЫМКЕНТ: әкім бірқатар нысандарға барып, тиісті тапсырмалар берді

0
346


ШЫМКЕНТ: әкім бірқатар нысандарға барып, тиісті тапсырмалар берді

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Еңбекші ауданындағы «Ұлағат» шағынауданының тұрғындарымен кездесті.

Бұған дейін азаматтар жеке қабылдау барысында инфрақұрылымды дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерген болатын. Кездесу барысында көшелерді жарықтандыру, орталық кәріз жүйесін тарту, ішкі көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын салу мәселелері бойынша тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен шағымдар айтылды Әкім сол жерде жауапты тұлғаларға бұл мәселелерді шағынауданның даму жоспарына енгізу мүмкіндігін қарастырып, кезең-кезеңімен шешу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Қала басшысы одан әрі «Оңтүстік» индустриялық аймағында бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Солардың бірі – медициналық бұйым (қолғап) өндірумен айналысатын «Казмедпром» ЖШС-інде болды. Бүгінде 2016 жылы іске қосылған бұл кәсіпорында 108 адам жұмыспен қамтылған.
Сонымен қатар шыны өңдеумен айналысатын «Фирма Дана» ЖШС-нің өндірістік цехын аралап көрді. Бұл зауыт жыл сайын 75 мың шаршы метр өнім шығарады. Бұдан бөлек, 30 адам жұмыс істейтін, айына шамамен 3 мың жұп аяқ киім тігетін «Заря» аяқ киім фабрикасына барды. Ондағы жұмысшылармен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарды тарзылап, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шараларымен қамту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Бөлісу