ШЫМКЕНТ: әкімдік мәжілісінде әлеуметтік саланың өзекті мәселелері қаралды

0
81


ШЫМКЕНТ: әкімдік мәжілісінде әлеуметтік саланың өзекті мәселелері қаралды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары А. Бейсенбаев құқық тәртібін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынаста жасалған құқықбұзушылықтың алдын алу үшін жәбірленуші қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 5189 тұлғаға қатысты «қорғау нұсқамасы» шығарылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында құқықбұзушылық жасауы мүмкін 39 құқықбұзушыға қатысты қосымша шектеу шарлары қолданылып, 20 тұлға әкімшілік қамауға алынған, 19-ы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Шымкент қаласының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшының міндетін атқарушы А.Ахметов эпидемиологиялық жағдай және метапневмовирустың таралуының алдын алу шараларымен бөлісті. Қалада былтыр бірқатар инфекциялық және паразитарлық аурулардың эпидемиологиялық ахуалы тұрақты болды. Ғ.Әбдімәжитұлы бұл ретте профилактикалық шараларды күшейтіп, білім беру ұйымдары асханаларындағы санитарлық ақуалды да қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Асылбеков те медициналық ұйымдардың нәтижелі жұмыстарын баяндады. Қала басшысы жауаптыларға халық денсаулығын жақсарту шараларын сапалы атқарып, ең алдымен есепте тұрған науқастарды медициналық препараттармен мерзімінде қамтуды тапсырды.
Сонымен қатар жиын барысында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің және «Шымкент-қайырымды қала» корпоративтік әлеуметтік даму қорының жұмыстары да қорытындыланды. Қала әкімі сала басшыларына халыққа қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс тиімділігін арттыруда бірқатар тапсырмалар берді.
Бөлісу