Құрылыс алаңына 80 жұмысшы, 8 техника жұмылдырылған.
Қала әкімі М. Әйтенов 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен танысып, сапасын қадағалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде қала аумағында бірқатар өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде. Соның бірі - Әкімшілік іскерлік орталығынан бой көтеруде.
Шымкент қаласында маңызды құрылыс нысандарының жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Еске сала кетсек, құрылыс жобасына 98 тұрғын үй, 18 инженерлік инфрақұрылым нысандары, мәдениет және 7 білім беру нысандары, 3 төтенше жағдай кешені, 4 спорт кешені, 2 саябақ енгізілді. Биыл жартыжылдықта 41,5 мың шаршы метр болатын 10 көпқабатты тұрғын үй, 3 білім, 2 спорт нысандарының құрылысы аяқталып, 70 нысанның жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген.
Сонымен қатар, бірнеше қойманың да құрылысы жүріп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов үшінші мегаполистегі құрылыс нысандарының жұмыстарымен жіті танысып, уақытында және сапалы атқарылуын қадағалауда.