Жаңа 926 жұмыс орны ашылған.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында инвестициялық 63 жоба іске асты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде Шымкент қаласының экономикасы қарқынды дамып келеді. Әсіресе, өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, сауда және құрылыс салалары тұрақты өсіп жатыр. Өткен жылы Әл-Фараби ауданында 40 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланған.
Аудан аумағында өткен жылы тартылған инвестиция есебінен 63 жоба іске асқан. Жобалардың басым бөлігі қонақ үй, бизнес орталықтары, емханалар, монша, дүкендер желісін құрап, жаңа 926 жұмыс орны ашылған.
Ендігі кезекте, 2023 жылы ауданда инвестициялық көрсеткішті 50 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр.