​Шымкент: Әлия Юсупова Гимнастикадан ҚР федерациясының басшысы болып сайланды

0
2 603

Гимнастикадан ҚР федерациясының бұрынғы басшысы – Үміт Шаяхметова болған.


​Шымкент: Әлия Юсупова Гимнастикадан ҚР федерациясының басшысы болып сайланды

Әлия Юсупова Гимнастикадан ҚР федерациясының басшысы болып сайланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Olympic.kz-тің мәліметінше, басшыны сайлау федерацияның есеп беру-сайлау конференциясы барысында өтті.

- Бұл тағайындау мен үшін – жаңа сын, қазіргі қызметімнен қызығы кем түспейтін – жаңа кезең. Ақтоты Райымқұлова басшылық ететін Мәдениет және спорт министрлігіне сенім үшін және Үміт Болатханқызына 10 жылда атқарған жұмысы үшін алғыс білдіремін. Мен бас бапкер қызметіндегі жұмысымды жалғастыратын боламын. Себебі жаңа тағайындау – бұл қоғамдық лауазым. Мен екеуін қатар алып жүремін. Мақсат – спортты дамыту және елге нәтиже алып келу. Алғашқы уақытта оңай болмасын түсінемін. Алайда, менің тәжірибем, білімім және күш-жігерім, сондай-ақ федерация мүшелерімен бірлескен жұмыс көптеген міндеттердің шешімін табатын болады. Федерациямызға кіретін әрбір спортты дамыту және танымал ету бағытында бірге жұмыс істейміз, - деді Ә.Юсупова.

Айта кетейік, Гимнастикадан ҚР федерациясының бұрынғы басшысы – Үміт Шаяхметова болған

Әлия Мақсұтқызы Юсупова – 36 жаста. Шымкент қаласында дүниеге келген. Афины және Бейжің Олимпиадаларының қатысушысы. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы. Бүгінде көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының бас бапкері.