​ШЫМКЕНТ: Алтынтөбе тұрғын алабының үш көшесіне асфальт төселді

0
883

Бүгін қала басшысы Мұрат Әйтенов асфальт төсеу жұмыстарын тексерді.


​ШЫМКЕНТ: Алтынтөбе тұрғын алабының үш көшесіне асфальт төселді

Шымкент қаласы Алтынтөбе тұрғын алабының үш көшесіне асфальт қабаты төселді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы орталығынан шалғай жатқан елдімекендердің ішкі жолдарын жөндеу жұмыстыры қарқын алған.

Бүгін қала басшысы Мұрат Әйтенов Алтынтөбе тұрғын алабындағы Өтебай, Жамалов және Нұрлыбай көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын тексерді.

Үш көшеге орташа жөндеу жұмыстарына арналып әзірленген сметалық құжаттамаға сәйкес, ұзындығы 1,0 шақырым Жамалов, Нұрлыбай көшелеріне 0,4 шқ құрайтын Өтебай көшесіне асфальт қабатын төсеу жұмыстары атқарылды. Тұрғын алаптағы тас жолдарды асфальттау жұмыстары Шымкент қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Қала әкімі, жұмыстардың бекітілген стандарттарға сәйкес тексеру жұмыстарынан кейін қабылданатынын атап өтті.

Айта кетейік, 2022 жылы 352 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 67,4 шақырым жолға құрылыс және қайта құру, 19,3 шақырым жолға күрделі жөндеу, 261,1 шақырымға орташа жөндеу жүргізіледі. Сонымен қоса, 122,7 шақырым жолға шағал тас төселеді. Қазіргі таңда жоспарланған 19,3 шақырым жол толық күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. 125,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 77,3 шақырым жолға шағал тас төселді. Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, бүгінде қаламыдағы жолдардың 63,6 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. 2022 жылдың соңына дейін 2188,7 шақырым жолды асфальтобетон жамылғысы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу жоспарлануда. Ал, 2023 жылы асфальт жолдар үлесін 71,2 пайызға жеткізу жоспарланған.

Биылғы жылға жоспарланған жөндеу жұмыстарының 28,9% пайызы орындалған. Осы жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарланған. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 167 нысанда немесе 308 көшеге жүргізілуде.