ШЫМКЕНТ: «Арғымақ» шағынауданында су қосу жұмыстары басталды

0
532

Аталған елді мекенде инфрақұрылыммен қамту жұмыстары атқарылуда.


ШЫМКЕНТ: «Арғымақ» шағынауданында су қосу жұмыстары басталды

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағындағы «Арғымақ» шағынауданында су қосу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған елді мекенде инфрақұрылыммен қамту жұмыстары атқарылуда. Электр жарығымен толық қамтылған.
Ауыз сумен қамту үшін «Реголит» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда тұрғын үйлерге су қосу жұмыстары басталды.
Табиғи газбен қамтуда «Энергоресурс» ЖШС құрылыс жұмыстарын атқаруда. Табиғи газ жүйелері құрылысын 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.