ШЫМКЕНТ: Асар-2 шағынауданы инфрақұрылыммен қамтылып жатыр

0
453

15 мыңнан астам халқы бар шағын ауданда инженерлік жүйелерге қатысты мәселелер оң шешімін табуда.


ШЫМКЕНТ: Асар-2 шағынауданы инфрақұрылыммен қамтылып жатыр

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Асар-2» шағынауданындағы су, газ және кәріз жүйелерінің құрылыс барысын аралап көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

15 мыңнан астам халқы бар шағын ауданда инженерлік жүйелерге қатысты мәселелер оң шешімін табуда.
Қазіргі кезде ауыз су жүйелерін салу жұмыстары ІІ кезеңмен жүзеге асуда. Нысан құрылысы былтыр аяқталса, биыл екінші кезеңмен екі аумақта абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Ал қалған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су кестемен беріледі. 2022 жылы 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 98%-дан, 99%-ға өседі деп күтілуде.
Сондай-ақ, Сайрам елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады.
Алдағы жылдың жоспары бойынша 3 магистралды суаққы салынып, қолданысқа берледі.
Құрылыс толық аяқталғаннан кейін тұрақты түрде сапалы ауыз су берілетін болады. Қала әкімі сала басшыларына абоненттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыруды жүктеді.
Бұдан бөлек, шағын аудан 39,6 шақырымды құрайтын кәріз жүйелерінің құрылысы жүруде, жұмыстың 55%-ы атқарылды.
Ал газ тарту жұмыстарының 50%-ы орындалып, 1 аумақтың құрылысы толығымен аяқталды.
Айта кетейік, табиғи газбен қамту қаладағы кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Осы ретте биыл табиғи газбен қамту бойынша 1 магистралды желі, 15 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде табиғи газбен қамту көрсеткіші 93%-дан, 94,7%-ға дейін көтеріледі. 2023-2025 жылдары аралығында қаланың даму жоспарына сәйкес, жартылай қамтылған 17 елді мекенде және мүлдем қамтылмаған 3 елді мекенде табиғи газ жүйелерінің құрылысы салынып, қала тұрғындары, басқада нысандар 100% табиғи газбен қамтылады.