​ШЫМКЕНТ: Әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізудің өзекті мәселелері талқыланды

0
528

Қала әкімінің бірінші орынбасары көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны өз деңгейінде өткенін атап өтіп, күзгі шақыру бойынша да жұмысты жоғары деңгейде атқару қажеттігіне тоқталды.


​ШЫМКЕНТ: Әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізудің өзекті мәселелері талқыланды

Шымкент қаласы әкімнің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдері, қаланың аудандық шақыру комиссияларының төрағаларымен бірлесе көктемгі мерзімді әскери шақыру іс-шараларының қорытындылары мен күзгі әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізудің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімінің бірінші орынбасары көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны өз деңгейінде өткенін атап өтіп, күзгі шақыру бойынша да жұмысты жоғары деңгейде атқару қажеттігіне тоқталды.

Биылғы көктемгі шақыруда жоспар артығымен орындалды. Қазіргі таңда Қорғаныс министрлігі тарапынан әскер қатарына алынатын жастарды ынталандыру, оларға әлеуметтік жағдай жасау бойынша бастамалар көтеріліп жатыр. Оқу орындарына түсуге жеңілдік немесе грант беру жағы қарастырылуда. Күзгі шақыру науқанында жергілікті атқарушы органдар бірлескен іс-әрекеттерді жүргізу, насихат жұмыстарын күшейту, жедел іс-шаралар қабылдауда нақты тапсырмалар жүктеліп отыр, – деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Жиында шақырылушыларды іздестіру және қоғамдық тәртіптің сақталуы бойынша Полиция департаменті, жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары Дінмұхамед Тағайбеков баяндама жасады. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаеваның айтуынша, медициналық комиссиялар білікті мамандармен, дәрігерлермен толығуда.

Шыңғыс Жұмабекұлы жалпы әскерге шақырылған және әскерге аттандырылатын адамдарды толық тексеру жұмыстары сапалы жүргізілу керектігіне назар аударды. Медициналық комиссиялардың құрамын әлі де білікті мамандармен толықтыра түсу қажет.

Сонымен қатар, қаланың аудандық шақыру комиссияларының төрағалары мен мүшелеріне әскерге шақыру жұмыстарын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастыру жүктеліп отыр.