Нәтижесінде 208 жаңа жұмыс орны ашылды.
Шымкентте жыл басынан бері ауылшаруашылық саласында 14 инвестициялық жоба іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласында ауылшаруашылық саласында биыл құны 9 млрд. теңгеге 1500 жұмыс орнымен 25 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде жылы жай салу, 241 гектар қарқынды бау, көкөністі қайта өңдейтін зауыт, құс фермаларының қуаттылығын арттыру, мал бордақылайтын орын мен сүт фермасы және балық шаруашылығын дамыту қолға алынды.
Бүгінге құны 5,2 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба іске қосылып, нәтижесінде 208 жаңа жұмыс орны ашылды.
Қалған жобалар жылдың соңына дейін ашылатын болады. Нәтижесінде жалпы өнімнің көлемі 37 млрд. теңгені құрап, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 3 млн теңгеге жетеді. Өсімі 108,5% құрайды.