Халықты сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы Азат шағынауданында ауқымды жол жөндеу жұмыстары қолға алынды.
Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 6,1 шақырымды құрайтын 16 көшеге асфальт төсеу жоспарланған.
Қазіргі уақытта жол төсемесінің негізін салу (жол табаны) жұмыстары басталды. Бұл – асфальт жабындысын төсеудің алғашқы және маңызды кезеңі.
Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоба толық аяқталған соң, Азат шағынауданының жол-көлік инфрақұрылымы едәуір жақсарып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптасатын болады.