«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева азаматтарды жеке қабылдап, олардың әлеуметтік мәселелері мен арыздарын тыңдады.
Қабылдауға келген тұрғындар негізінен әлеуметтік проблемалар мен денсаулық сақтау саласындағы қиындықтарды көтерді.
Қайнарбұлақ елдімекенінің тұрғыны қызының ауыр науқасына байланысты оның денсаулығын емдеуге қаржылық мүмкіндік жетпей жүргенін айтты. Азаматтың мәселесін мұқият тыңдаған басқарма басшысы, мемлекет тарапынан көмек көрсету үшін тиісті мемлекеттік бағдарламалар аясында шаралар қабылдауға ықпал етті. Жанат Өмірсейітқызы осы мәселемен айналысатын мекеме басшыларымен хабарласып, заң аясында мәселені шешуді тапсырды.
Самал мөлтек ауданынан келген тағы бір тұрғын жеке кәсіп ашу ниетін білдіріп, осы салада қандай көмек алуға болатынын сұрады. Басқарма басшысы оған кәсіпкерлік бастамаларды қолдайтын заңды талаптар мен мемлекеттік бағдарламалар жайында толық түсіндірме берді.
Сонымен қатар, қабылдауға келген бірқатар азаматтар баспана мәселесімен де көмек сұрады. Оларға Жанат Өмірсейітқызы мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болудың жолдарын түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына толық жауап берді.
Басқарма басшысы қабылдау барысында азаматтардың мәселелеріне жауапкершілікпен қарап, олардың құқықтары мен әлеуметтік жағдайларын жақсарту үшін мемлекеттік бағдарламалар арқылы нақты көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.