​ШЫМКЕНТ: базарларда жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

0
229

​Бүгінде қала аумағында 19 базар бар, оның 7-еуі модернизациялау Жол картасына енгізілген.


​ШЫМКЕНТ: базарларда жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

фото: Шымкент қаласы әкімдігінің ресми парақшасынан

Былтырғы жылы Шымкент қаласында “Алаш”, “Самал”, “Жаңа шахар” базарларының жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Ал “Авто Нұр”, “Орталық Қырғы”, “Назым апа”, “Жабық ” базарларында бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде.

“Авто Нұр” базарында 3 ғимараттың құрылысы аяқталды. Босаған орын автотұраққа айналады. Жаңғырту жұмыстары 2025 жылдың желтоқсан айында бітеді.
“Орталық Қырғы” базарында модернизациялау 3 кезеңнен тұрады. Наурызда трикотаж павильоны, ал желтоқсанда киім сату қатарлары жаңартылады.
“Назым апа” базарының қасбеті жөнделіп, 2025 жылдың сәуір-желтоқсан айларында киім сатылатын қатарлар жаңғыртылады.
“Жабық базары” 2025 жылдың мамыр-қараша айларында толық жаңартылады.
Бөлісу