ШЫМКЕНТ: биыл 10 айда 19 мыңға жуық жас жұмыспен қамтылған

0
411

1 қазанға дейін 22 355 адам жұмыспен қамту мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органға жүгінген.


ШЫМКЕНТ: биыл 10 айда 19 мыңға жуық жас жұмыспен қамтылған

2023 жылдың 10 айында шымкент қаласында 18 823 жас жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық- коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Кеуенова Мөлдір Тұрсынбекқызы айтты.
Қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық бағытында жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстарына 625 іс-шара ұйымдастырылып, 98 750 жуық жас қамтылған. Жыл соңына дейін 120 000 жуық жасты қамту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, денсаулықты сақтау және көтермелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту бағытында 25 қазан – Республика күніне орай «Жас жауынгер» әскери-патриоттық сайысын ұйымдастырылды. «Машат-Арасан» демалыс аймағында өткен әскери жарысқа қаламыздағы 12 мектептен 120 оқушы қатысты. Қатысушылар футбол, волейбол, арқан тарту, садақ ату, 100 метрге жүгіру, АК-74 автоматын бөлшектеп, жинау, пневматикалық винтовкадан ату және кермеге тартылу секілді әскери бағыттағы спорт түрінен бақ сынаған.
Бүгінде қала мектептеріндегі спорт залдар мен спорттық алаңшалар базасын тиімді пайдалану, жаппай салауатты өмір салтына насихаттау бойынша 352 іс-шара ұйымдастырылып, 34 498 жас қамтылған. Жыл соңына дейін 39 000 жасты қамту жоспарланып отыр.
«Жастарды жұмысқа ынталандыру, жұмыспен қамту және жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау бағытында жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жыл соңына дейін 8 200 жасты қамту жоспарланған.
2023 жылдың 1 қазанға дейін 22 355 адам жұмыспен қамту мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органға жүгінген.
Қазіргі таңда, 18 823 адамның өтініші қанағаттандылырып, жұмыспен қамтылды. NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу мақсатында жұмыссыз жүрген 29 807 жастың тізімі жасақталып, оқуға түсу және жұмысқа орналасу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде,»-деді Мөлдір Тұрсынбекқызы.
Айта кету керек, Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Мобильді топпен» жастарды нәтижелі жұмыспен қамту мақсатында «Жастар практикасы», «Ақылы қоғамдық жұмыс», «Алғашқы жұмыс орны», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары бойынша базарларда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылған.
Қаламызда мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында жергілікті 9 базарда және Шалғай елді мекендердің жастарына ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, шараға 12 000 жуық жас қамтылған.