ШЫМКЕНТ: Биыл 72 мыңға жуық отбасы ауыз сумен қамтылады

0
745

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: Биыл 72 мыңға жуық отбасы ауыз сумен қамтылады

Биыл Шымкент қаласында 72 мыңға жуық абонент ауыз сумен үздіксіз қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгінде қаладағы 81 елдімекеннің 78-не ауыз су үздіксіз берілуде. Бүгінде Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші жаңа құрылыс аудандарына су құбырлары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 6 нысан пайдалануға беріліп, нәтижесінде 72 мыңға жуық отбасы сапалы ауыз суға қол жетізеді. Қала халқын тіршілік нәрімен қамту көрсеткіші биыл 98,5%-дан 100 пайызға дейін артады.

Қазіргі таңда ауыз су құбыры тартылып жатқан елді мекендердің бірі – Қайнарбұлақ. Бұл жерде бүгінде ауыз су кесте бойынша сағаттап берілде. Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 6,7 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде өткен жылы 2,9 миллиард теңге игерілген болса, биылғы жылға 3,8 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер мекеме – «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысты қарқынды түрде жүргізіп жатыр. Биылғы жылдың төртінші тоқсанына қарай жұмысты толық аяқтау жоспарланған.

Айта кетейік, биыл қала аумағындағы барлық елдімекенге сапалы электр энергиясы жеткізіледі. Атап айтатын болсақ, жыл соңына дейін 8 шағынауданда құрылыс жұмыстары аяқталып, қаланы үздіксіз электр жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Нәтижесінде абоненттер жарыққа екі есе арзан төлем жасайды. Тұрғын үйлерді электр желісіне қосу жұмыстары тегін жүргізіледі. Мемлекеттен тартылған электр энергиясының тариф бағасы жеке тұлғаларға әр Кв үшін – 17 теңге, заңды тұлғаларға - 35 теңге, бюджеттік ұйымдарға - 39 теңге болып белгіленген. Қазіргі таңда Нұрсат, Қайнарбұлақ, Түркістан, Тұран, Ақжар, Ынтымақ (ПС 110 кв) Бозарық, Асар елдімекендерінде электр желілерін тарту жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, наурыз айында Бозарық, Асар шағынаудандарында 600 тұрғын үйге жарық берілді.