Әл-Фараби - Шымкенттің орталық ауданы болғандықтан, тұрғындарға барынша жағдай жасалынған.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жыл соңына дейін 100 пайыз ауыз сумен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстары туралы өткен брифинг барысында айтты.
Әл-Фараби - Шымкенттің орталық ауданы болғандықтан, тұрғындарға барынша жағдай жасалынған. Ауыз сумен 98%, электр жарығымен 96,5%, табиғи газбен 99,5%, кәріз жүйесімен 87% қамтылған.
“Ағымдағы жылы 30 көшеге асфальт салу жұмыстары жоспарланып, бүгінде аяқталуға жақын. Аудандағы 404 көшенің 124-і жарықтандырылды”, - деді Р.Мыңбаев.
Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар ойын алаңшасы мен 9 спорт алаңшасы орнатылатын болады.
Ауданның басты көшелерін (102 көше) көріктендіру-көгалдандыру, ағаштарды және гүлдерді күтіп ұстау, санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, жасыл желектерді ретке келтіру, суғару, өсік шөптерді ору жұмыстары бойынша мердігер мекеме «Build stroi» ЖШС тарапынан жұмыстар атқарылуда.
Жыл басынан бері мердігер мекеме тарапынан басты көшелердің бойына 3 300 дана ағаш көшеті отырғызылса, жоспарға сәйкес жыл соңына дейін тағы 6 мың данасын қондыратын болады.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында биыл бұл бағдарлама шеңберінде 59 жоба іске асырылады. Ал, 2021 жылы 11 ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді. 6 ойын алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында салынды. 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында ауданда I-II сектор бойынша 11 ойын алаңшасы орнатылады. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов (№70, 88-90, 89, 92 үйлер), «Спорт» шағынауданы (№9, 24 үйлер), Ә.Диваев (№142-142б-144, 140-144б, 146 үйлер), Дулати (№ 205) және Қазыбек би көшесіндегі (№195 а) үйлердің аулалары абаттанады. Жалпы биыл Әл-Фараби ауданы ойын алаңшасымен толық қамтылады.