ШЫМКЕНТ: Биыл Қаратау ауданы 100% сапалы ауыз сумен қамтылады

0
618

Қазіргі таңда Қаратау ауданы аумағында ауыз сумен қамтамасыз етілген елді мекендер саны – 17.


ШЫМКЕНТ: Биыл Қаратау ауданы 100% сапалы ауыз сумен қамтылады

Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы барлық елді мекендер 2023 жылдың соңына дейін 100% сапалы ауыз сумен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда Қаратау ауданы аумағында ауыз сумен қамтамасыз етілген елді мекендер саны – 17, оның ішінде кестемен қамтылғаны – 2, тәулік бойы – 15, тасымалды – 1.

Қазіргі таңда аудан аумағындағы Сайрам мен Қызылсу тұрғын алаптарын ауыз сумен қамтудың І және ІІ кезеңдерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал, ІІІ кезең бойынша жауапты мердігер мекеме анықталуда.
Аталған елді мекендердегі ауыз су құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ.
Сондай-ақ, Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағын ауыз сумен қамту үшін жасалған жобалық-сметалық құжат дайын. Аталған жобалық-сметалық құжат наурыз айында өтетін бюджетті нақтылау отырысына ұсынылады.