ШЫМКЕНТ: Биыл Сайрам және Қызылсу елді мекендері ауыз сумен қамтылады

0
607

Нәтижесінде аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100% қамтылады.


ШЫМКЕНТ: Биыл Сайрам және Қызылсу елді мекендері ауыз сумен қамтылады

2023 жылы Сайрам және Қызылсу елді мекендері сапалы ауыз сумен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2022 жылы Қаратау ауданы аумағындағы Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Асар-2 және Сайрам тұрғын алаптарында құрылыс жұмыстары басталған. Аталған елді мекендердегі ауыз су құрылысының жұмысы 2023 жылға өтпелі.
Сондай-ақ, биылғы жылы Сайрам және Қызылсу елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары атқарылуда.
Құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай, аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100% қамтылады.

Одан басқа, Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағында орналасқан елді мекендердің 99,5%-ы ауыз сумен қамтылған. Бүгінгі күнге дейін кестемен ауыз су тұтынып келген Құрсай елді мекенін ауыз сумен қамту құрылысы 2021 жылы басталып аяқталды. Бүгінде құбырларды жуып-шаю, дезинфекциялау жұмысы жүргізіліп, ауыз суды қосу жұмысы рет-ретімен жүргізілуде. Нәтижесінде, 2023 жылы ауданындағы елді мекендер 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Айта кетейік, 2021 жылдың қорытындысы бойынша,барлығы 10 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталған. Нәтижесінде Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас елді мекенінде ауыз су мәселесі түбегейлі шешілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан, 98%-ға өскен. Сонымен қатар, 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, Сайрам елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады. Қазіргі таңда Шымкентте сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 7 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр.

Нәтижесінде 2023 жылы миллионды қаланың ауызсумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.