ШЫМКЕНТ: Биыл Тұран ауданындағы елді мекендер 100% сапалы ауыз сумен қамтылады

0
875

Бұл туралы Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков ​брифинг барысында мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: Биыл Тұран ауданындағы елді мекендер 100% сапалы ауыз сумен қамтылады
Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағында орналасқан елді мекендердің 99,5%-ы ауыз сумен қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков брифинг барысында мәлімдеді.
Бүгінгі күнге дейін кестемен ауыз су тұтынып келген Құрсай елді мекенін ауыз сумен қамту құрылысы 2021 жылы басталып аяқталды. Бүгінде құбырларды жуып-шаю, дезинфекциялау жұмысы жүргізіліп, ауыз суды қосу жұмысы рет-ретімен жүргізілуде. Нәтижесінде, 2023 жылы ауданындағы елді мекендер 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Сонымен қоса, Тұран ауданындағы елді мекендер 99,5% электр қуатымен қамтылған. Қазіргі уақытта Құрсай елді мекенінің жаңақұрылыс аумағын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Жоспар бойынша, құрылыс жұмыстары 2023-2024 жыл атқарылады. Нәтижесінде, 2024 жылы аудан бойынша 100% сапалы электр қуатымен қамтылады.