ШЫМКЕНТ: Болашақ медицина мамандары «PFIZER» вакцинасын салдырды

0
505

Бір аптаның ішінде «Pfizer» компаниясының «Комирнати» вакцинасы 10 325 адамға тегін егілді.


ШЫМКЕНТ: Болашақ медицина мамандары «PFIZER» вакцинасын салдырды

Шымкент қаласындағы жоғары медицина колледжінің студенттері коронавирустық инфекцияға қарсы «Pfizer» вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

№1 қалалық емханада екпе алған 376 студент алдымен жазбаша сауалнама толтырып, арнайы дәрігердің тексеруінен өтті.

Екпе жасату арқылы аурудың алдын алу маңызды екендігін айтқан болашақ медицина мамандары басқа да студент жастарға вакцина салдыруға кеңес берді.
COVID-19 вирустық инфекциясына қарсы вакцинаны 12 жастан асқан барлық азаматтарға салдыру ұсынылады. Бір аптаның ішінде «Pfizer» компаниясының «Комирнати» вакцинасы 10 325 адамға тегін егілді. Оның ішінде, 12 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жүкті және емізулі әйелдер бар. Ал вакцинаның екінші компонентін 2882 адам алды.