Күніне 4-5 рет жасалынатын профилактикалық жұмыстар кәсіподақ бірлестігінің жіті назарында.
Shymkent Bus" ЖШС-і автобустарына жасалатын санитарлық алдын алу шаралары "Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің тікелей бақылауына алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 "Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы" Жарлығы аясында "Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов салалық кәсіподақтар басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеген.
Тексеру нәтижесінде, қоғамдық көліктерді дәрілеу (дезинфекциялау) жұмыстары әр айналым сайын жасалынып жатқандығы белгілі болды. Күніне 4-5 рет жасалатын профилактикалық жұмыстар кәсіподақ бірлестігінің жіті назарында.