Қала тұрғындары кардиолог, эндокринолог, жалпы тәжірибелік дәрігер, офтальмолог, ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мамандарынан кеңес ала алады.
Шымкентте дәрігерлер қоғамдық орындарда қала тұрғындарын жолдамасыз қабылдайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2019 жылғы 12 сәуірде, сағат 11:00-13:00 аралығында, Шымкент қаласындағы «Қырғы» базары аумағында дәрігерлер қала тұрғындарын қабылдайды. Бұл күні қала тұрғындары жолдамасыз ақ дәрігерлерге ( кардиолог, эндокринолог, жалпы тәжірибелік дәрігер, офтальмолог, ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мамандары) қаралып, тегін экспресс-анализдер тапсырып кеңес алуға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ қала тұрғында аталған дәрігер мамандарына 2019 жылғы 16 сәуір күні сағат 11:00-13:00 аралығында Шымкент қаласындағы Орталық саябақта қаралып, кеңес ала алады.
Дереккөз: Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі