ШЫМКЕНТ: «Деструктивті діни ағымдардың кері ықпалы» жөнінде кездесу өтті

0
382

Мақсаты - жастарды деструктивті діни идеологияның ықпалынан сақтау, дін мен дәстүрімізді жаңғырту.


ШЫМКЕНТ: «Деструктивті діни ағымдардың кері ықпалы» жөнінде кездесу өтті

Бүгін Шымкентте Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің жастары арасында «Деструктивті діни ағымдардың кері ықпалы» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Тілләбек Саян қатысты.

Мақсаты - жастарды деструктивті діни идеологияның ықпалынан сақтау, дін мен дәстүрімізді жаңғырту.
- Дәстүрлі дінге жат ағымдардың ұстанымдары жөнінде әлемдік ақпарат көздерінде кеңінен насихатталып келеді. Дегенмен, жат ағымның жетегіне кетіп, бармақ шайнап жатқандар да баршылық. Өздеріңізбен жүздесудегі басты мақсатта осы. Дінге қатысты қандайда сұрақтар болса, қашанда жауап беруге дайынбыз, - деді теолог маман.
Сонымен қатар, сала қызметкерлері діни ағымдарға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Діни басқарма жанындағы Діни оңалту бөлімінің мамандарына немесе жалпы мешіт имамдарына хабарласуға шақырды.
Бөлісу