Күдікті дүкеннің қабырғасын бұзып кірген.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Дүкен тонаған қылмыскерді Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2019 жылдың шілде айының 28-нен 29-на қараған түні белгісіз тұлға қаладағы дүкендердің біріне қабырғасын бұзып кіріп, 70-ке жуық темекі қорабын, дүкен кассасынан ақша және садақа салатын 2 жәшіктегі ақшаны ұрлап кеткені жайлы Шымкент қаласы Полиция департаментіне арыз түскен.
Дүкен иесіне 50 мың теңгеден астам сомада шығын келтірген күдіктіні полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықтап, Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жеткізген. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚК 188-бабы 2-бөлігімен «Ұрлық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.