Биыл Шымкент қаласы Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жобалар жүзеге асырылады.
Атап айтқанда, 35 балалар ойын, спорт алаңы, сондай-ақ 5 қоғамдық орын пайдалануға беріледі.
Айта кетейік, өткен жылы аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында 56 жоба іске асырылды. Оның ішінде 43 балалар ойын алаңы, 8 балалар және спорт алаңы, сондай-ақ 5 гүлзар пайдалануға берілген.