ШЫМКЕНТ: ​Еңбекші ауданының учаскелік полиция инспекторына алғысын білдірді

0
14

Учаскелік полиция инспекторы мен олардың көмекшілері қызмет барысында өз аумақтарындағы аулалар мен пәтерлерді аралап, пәтер иелері кооперативтері өкілдері және тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізіп, әкімшілік аумақты тексереді.


ШЫМКЕНТ: ​Еңбекші ауданының учаскелік полиция инспекторына алғысын білдірді

Еңбекші ауданына қарасты №46 учаскелік полиция пунктінің инспекторы полиция майоры Төре Тәукеев құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіп сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес бойынша біршама жұмыстар атқарып келеді.

«Пәтер иелері кооперативі және аумақ тұрғындарымен чат ашылған болатын. Сол чат арқылы тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келеміз. Барлық сұрақтар бірден бізге келеді. Біздің жұмысымыз арқылы полицияның қызметін бағалайтынын түсінеміз, сондықтан халықтың мәселелерін жедел шешуге тырысамыз, бұл үлкен жауапкершілік», – деп атап өтті полиция майоры Төре Тәукеев.

Учаскелік полиция инспекторы мен олардың көмекшілері қызмет барысында өз аумақтарындағы аулалар мен пәтерлерді аралап, пәтер иелері кооперативтері өкілдері және тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізіп, әкімшілік аумақты тексереді. Сонымен қатар тұрғындармен, ПИК өкілдерімен үнемі байланыста болып, кері байланыс алу үшін whatsApp тобы жұмыс істейді.
Күн сайын чатқа ұсақ бұзақылық жасау, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу, аумақты абаттандыру ережелерін бұзу, тыныштықты бұзу, белгіленбеген орындарда темекі шегу, иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бұзу және тағы басқа құқық бұзушылықтар туралы түрлі ақпарат түседі. Бұл байланыс әдісі айтарлықтай нәтиже беріп келеді.
Осы ретте, №84 Циолковский атындағы орта мектеп директоры Шадия Жиенова ата-аналар тарапынан қаңғыбас иттердің көбейіп кеткені туралы whatsApp чатында бірнеше рет айтылғанын, дер кезінде әрекет еткен учаскелік полиция инспекторының жұмысының нәтижесінде 21 қаңғыбас ит ұсталып, балалардың көшеде қауіпсіз жүруіне жағдай жасалғанын атап өтті. Мектеп директоры учаскелік полиция инспекторының жұмысына ерекше алғысын білдірді.
Учаскелік полиция инспекторы күн сайын чаттарда Қарабастау және Забадам елдімекенінің тұрғындарына тұрғын үй мен мүлікті ұрлықтан, алаяқтық әрекеттерден және тағы басқа да құқық бұзушылықтан қалай қорғау керектігі туралы профилактикалық сипаттағы ақпаратты орналастырады. Өзіне бекітілген әкімшілік аумақтағы қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіптің сақталуын қадағалап, тұрғындармен тығыз байланыс орнатып келеді.
Бөлісу