ШЫМКЕНТ: этномәдени бірлестік төрағаларымен кездесуде маңызды мәселелер талқыланды

0
123


ШЫМКЕНТ: этномәдени бірлестік төрағаларымен кездесуде маңызды мәселелер талқыланды

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты Ажар Сағандықова этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесу өткізіп, маңызды мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында жастардың ұлттық кодты жоғалтпау мәселесі басты назарда болды. Төрағалар ұлттық құндылықтарды сақтау, әр этностың дәстүрлерін насихаттау және жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу жолдары туралы өз ойларымен бөлісті. Олар қазақ халқының мәдениеті мен тарихы туралы білімді арттыру, сондай-ақ түрлі этностар арасындағы түсіністік пен бірлікті нығайту қажеттігін атап өтті.

Келесі әңгіме барысында ұлтаралық байланыс пен татулық мәселелері де көтерілді. Төрағалар Қазақстандағы этносаралық келісімнің маңызына тоқталып, елімізде тұратын әр түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне құрметпен қарауы керектігін айтты.
Сонымен қатар, жұмыс істейтін азаматтардың жалақысын көтеру мәселесі де қозғалды. Олар азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек қатынастарын реттеу бойынша ұсыныстарын білдірді.
Кездесу соңында депутат этномәдени бірлестіктерінің жұмысын қолдайтынын, ұлттық келісімді сақтау жолында бірлесе жұмыс істейтінін жеткізді.
Бөлісу