ШЫМКЕНТ: интернет-алаяқтық пен жол-көлік оқиғалары жиілеп отыр

0
187

Қалада жол-көлік оқиғаларының көбеюі — жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы мен телефонға алаңдауынан, жаяу жүргіншілердің жолды рұқсатсыз кесіп өтуінен және кәмелетке толмағандардың скутер, самокатты ережесіз жүргізуінен болып отыр.


ШЫМКЕНТ: интернет-алаяқтық пен жол-көлік оқиғалары жиілеп отыр

Өткен аптада Шымкент қаласында тергеу органдары жалпы 179 қылмыстық істі тіркеді, оның ішінде 3 іс жедел түрде сотқа жолданып, құқықтық баға беруге ұсынылды. Тіркелген құқық бұзушылықтардың ішінде ең жиі кездесетін және алаңдаушылық тудыратын қылмыс түрі – алаяқтық болып отыр. Қала билігі мен құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға және қырағылық танытуға шақырады.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбектің қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Алаяқтықтың негізгі түрлері интернет арқылы жасалған: тауар жарнамасы (16), жалған инвестиция (4), өздерін банк не мемлекеттік қызметкер ретінде таныстыру (12), несие рәсімдеу (4), коммуналдық қызмет өкілдері атынан қоңырау шалу (6).

Мысалы, белгісіз адам өзін салық қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерден 600 мың теңге иемденген.

Сондай-ақ тұрғындарға өз банк карталарын бөгде адамдарға бермеу ескертілді. Бір жағдайда азамат өз картасын танысына уақытша беріп, ол арқылы есірткі сатумен айналысқан тұлға есеп айырысқан.

Қалада жол-көлік оқиғаларының көбеюі — жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы мен телефонға алаңдауынан, жаяу жүргіншілердің жолды рұқсатсыз кесіп өтуінен және кәмелетке толмағандардың скутер, самокатты ережесіз жүргізуінен болып отыр.

Полиция тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға, көлік жүргізгенде жол ережесін қатаң сақтауға және балалардың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Бөлісу